Арақ iшкен әйелдің аналық клеткалары зақымданады

Ислам – адам рухына нәр, әлсiреген сенiмге дауа, нәпсiге қарсы күресте қуат бередi. Ислам адамзатты тек жақсылыққа үндеп, қоғамға зиянды нәрседен сақтануға шақырады. Адам баласы үшiн зиянды болып есептелетiн нәрсенiң бiрi – алкогольды iшiмдiктер. Бұған қатысты Пайғамбарымыз Мухаммад с.ғ.с. былай деген: «Iшкiлiк (яғни, адам баласын ақыл-есiнен айыратын нәрсе) бүкіл жамандықтың көзi» (хадистi Әбу Дардадан р.л.ғ. Имам Ибн Мажаһ риуаят еттi). «Iшкiлiктен аулақ болыңдар, өйткенi, ол бүкiл жамандықтың кiлтi»  (хадистi Ибн Аббастан р.л.ғ. Имам Хаким және Имам Байһақи риуаят еттi).

Қазiргi таңда ғасырлар бойы мұсылман болған ел-жұртымыздың ұл-қыздары, кейбір жағдайларда өз нәсiлi мен түп-тамырынан ажырап, халқының емес iшкiлiктiң құлына айналып бара жатыр. Оларға: «Мұсылманға Аллаһ Тағала харам еткен нәрсенi азық ету жараспайды!» – десеңiз: «Онда тұрған не бар? Сен iшпесең-iшпе, мен iшемiн. Арақ көңiлдi көтерiп, отырыстың сәнiн кiргiзедi», – деген жауап естисiз.

Арақ тамақтың қорытылуына және сiңiрiлуiне пайдалы дейді. Бұл мүлдем терiс ұғым. Арақ –  ас қорытуға пайдалы болғанын қойып, қорытуды кешiктiредi өйткенi, алкоголь сiңiру жолымен өзектi өртеу себебiнен гидрохлорды қышқылдың жұғымталдығына себепшi болады, бұл да ас қорытуға керi ықпал етедi. Алкогольдiң қайсы түрi болмасын, қанша мөлшерде iшiлсе де ас қорытуды жеделдететiн зат ретiнде қабылданбайды.

Сыра мен шарап та бұдан тыс емес. Ауыр кеселге ұшырап, арақ iшiп науқасынан сауығып кеткен, кедей бола тұрып iшкiлiкке салынып байыған, қорланып жүрiп арақ iшкеннен кейiн ел арасында абыройға ие болған пенде бар ма екен бұл дүниеде? Ондай адамды таба алмайсыз. Себебi, iшкiлiк – сау адамды ауру, байды кембағал, абыройлы кiсiнi айналасындағыларға жексұрын етедi.

Аллаһ Тағала адамзатқа дұрыс жолды нұсқаушы кiтаптарын түсiрiп, тура жолға бастаушы пайғамбарларын жiбердi. Мүминдер үшiн насихат, кәпiрлер үшiн қасiрет болған Құран Кәрим: «Ей, адам баласы! Арақ iшпе! Iшер болсаң бұл дүниеде қор болып, Ақыретте азапқа душар боласың!», – деп тұрса да, адамдар арағын қоймай келедi. Басына айықпас ауру тiлеп алып, яки перзенттерi бетiнен алып, бағынбай кеткенде барып: «Ей, Құдайым! Менi сонша қорлайтындай Саған не iстедiм?», – деп күрсiнедi. Рас, пенде Аллаһ Тағалаға емес, өз-өзiне жамандық iстеп, соңынан нәтижесiн көредi.

Бүгiнгі күнде “Арақ iшпесең болмай ма?”, – деген сөзге қол сiлтейміз сосын ертесiне құдайы жасаймыз, жолымыз болмаса молдекеңе барып: “Дем салып берiңiзшi.”, – деп тiленемiз. Алайда, жүректе иман болмай сол иманымызды күшейтпей, жақсы амал болмай, берген садақамыз да дем салдыруымыз да – бос әурешiлiк.

Арақ iшкен адамға ғана кесiрiн тигiзумен шектелмей, айналасындағыларды да шарпиды. Мысалы, сәбилердiң зейiні және дене мүшелерiнiң кеміс болуы – анасы  арақ iшкендіктен аналық жұмыртқа клеткалары зақымдалып, баланың кемiс болып туылуынан. Әсiресе, аяғы ауыр кезiнде арақ iшкен аналардың балаларында орны толмас кемшілiктер болады. Яғни, әйел қаншалық аз iшкенiне қарамай, iштегi сәбиге зиянды.

Вашингтон университетiнiң докторы Анн Стрейгсгуз  жоғарыда айтылғанды растаса, Питербург университетiнде 700 сәбиге жүргiзiлген зерттеулер нәтижесiнде бiр шыны сыра ана құрсағындағы баланың миына әсерiн тигiзедi деген қортындыға келген.

Iшкiлiк iшпейтiн әйелдерге қарағанда аз мөлшерде болса да iшкiлiктi азық еткен әйелдердiң дүниеге келтiрiлген сәбилерiнiң 100 пайызының 1, 89 % -тi әлсiз болып дүниеге келедi, 2,84 % – тi болашақта психикалық қиыншылықтарға ұшырайды, 3. 84 % -нiң бас көлемi тиiстi мүлшерден кiшi болады, 4,80 % -де сөйлеу мүшелерiнде кемiстiк болады, 5,80 % -нiң терiсi зақымдалған болады, 6,51 % -нiң аяқ-қол саусақтары қисық болады, 7,46 %-нiң жыныстық мүшелерiнде кемiстiк болады, 8, 41 % -нiң есту мүшелерiнде кемiстiк болады,  9,29 % -тi жүрек ауруына шалдыққан күйде туылады, 10, 25 % -де көру қабiлетi төмен болады, 11, 10 % -нiң бүйрегi толық iстемейдi.  Жалпы, дәрiгерлер iшкiлiктi қолдану нәтижесiнде сәбидiң бойында 850-ден астам түрлi аурулар пайда болады деген қортындыға келген.

Ерлан Алтай

Оцените статью
Добавить комментарий